Біз туралы

БІЗ ТУРАЛЫ

«Студенттер үйлері» дирекциясында (бұдан әрі – СҮД) жоғары білікті кәсіби мамандар жұмыс істейді. Дирекция білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және факультет деканаттарымен әрдайым тығыз қарым-қатынаста болып, олардың білім алуының неғұрлым нәтижелі және табысты болуына барынша жағдай жасауда.

Тәрбиелеу үрдісінде рухани-адамгершілік мәдениетті кешенді жоспарлау, эстетикалық тұрғыдан дамыту және салауатты өмір салтын қолдау жүйесі қалыптасқан. Осыны ескере отырып, СҮД өзінің күнделікті жұмыс жоспарында адамның бойына қажетті төмендегі сапаларды негізгі міндет деп санайды.

 

«СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕРІ» ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

 Ел болашағы жастар дейтін болсақ, сол болашақ мамандардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының бойына қажетті белсенді, адамгершілігі жоғары, дене тәрбиесі, зияткерлік, эстетикалық жағынан дамуын қамтамасыз ететін сапалардың дұрыс дамуына қажетті тұрмыстық жағдай жасау;

Студенттер үйінде тұратын Еуразия ұлттық университетінің студенттерін рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу, азаматтық сана-сезім нормаларын ұстанатын, шығармашыл, мәдениетті тұлға етіп қалыптастыру;

Студенттерді салауатты өмір салты ережелерін білуге баулу, олардың бойында  жоғары этикалық көзқарас, талғам қалыптастыру;

СҮД басшылығы негізгі коммуникативтік ережеден – студенттер үйінде тұрып жатқан барлық студенттерге мейірбандықпен қараудан туындайтын өзінің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асырады.

 

Міндеттерді орындау:

  • тәрбие процесін жоспарлауға, ұйымдастыруға, бақылауға;
  • студенттер үйлерін белгіленген санитарлық Ережелерге сәйкес ұстауға;
  • белгіленген нормаларға сәйкес СҮ тұратындарға коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету және қамтамасыз етуге;
  • СҮ тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды жүзе асыруға.

 

ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР:

 СҮД тәрбиелеу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін педагог-ұйымдастырушылар және түнгі әкімшілер қызмет етеді. Бұл мамандар студенттік кеңеспен біріге отырып,  әрдайым тренингтер, кездесулер өткізіп, студенттермен профилактикалық кеңес жұмыстарын жүргізеді.

Әр апта сайын, әр қабатта топ басшылары мен әкімшілердің қатысуымен жиналыстар өткізіліп тұрады. Іс-шараларды және басқа да ұйымдастыру мәселесіне қатысты жұмыстарды атқаруға студенттер кеңесінің белсенділері жәрдемдеседі және қолдау көрсетеді.

Студенттер ізгі істермен қоса пайдалы жұмыс атқара отырып, өздері тұратын Студенттер үйінің өміріне белсенді араласады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде республикамыздың барлық облыстары мен аудандарынан келген білім алушыларға барлық талаптарға сай келетін 8 студенттер (1 жалдамалы) үйлері қызмет көрсетеді. Жыл сайын СҮ-не бес мыңға жуық білім алушылар орналасады.

СҮ де тұратын білім алушылардың барлық басты мәселелерінің шешімін табу мақсатында арнайы студенттік өзін өзі басқарудағы – Студенттік кеңесі жұмыс атқарады. Олар білім алушыларды СҮ орналастырумен және мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

Барлық СҮ-де студенттердің білім алуына жағдай жасау барысында ашық             «Wi-Fi» (жылдамдығы-2 Гб.) желісімен, оқу залдары интернет желісіне қосылған стационарлық дербес компьютерлермен жабдықталған.

СҮ аумағында демалысты тиімді өткізу, салауатты өмірді ұстану мақсатында спорттық алаңдар, №5 СҮ-де 200 орындық студенттер кинотеатры, білім алушыларға жағдай жасау мақсатында арнайы терминалдармен бонкамат қойылған.

Сондай-ақ СҮ-нің типіне қарай ас бөлмелері электр пештерімен, тоңазытқыштармен және қысқа толқынды пештермен жабдықталып, су тазартқыш аппараттар орнатылған.

СҮ тұратын білім алушылар төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, апта сайын санитарлық нормаларға сай ауыстырылып отырады. Сонымен қатар, студенттердің жеке заттарын жуатын арнайы кір машиналар қойылып, киім-кешектерін үтіктейтін арнайы бөлмелер ашылған.

СҮ кіре берістеріне жаңа технологиямен жасалған, дене қызуын (температура) көрсететін планшеттермен жабдықталған дезинфекциялық тоннельдер, қолға арналған микробқа қарсы антисептиктер орнатылған.

СҮ Дирекциясы тұрып жатқан студенттермен тікелей қарым-қатынас орнату, олардың күнделікті жағдайларын бақылап отыру мақсатында, әр СҮ бойынша «WhatsApp» желісінде чаттар құрылды және СҮД студенттердің денсаулығын бақылап отыру үшін, студенттерге медициналық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған Абдугалимов медициналық орталығымен 24 сағат бойы байланыста отырады.

СҮ бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Бейне бақылау әрбір қабаттарда жүргізіледі және күзет қызметімен бақыланады. СҮ тұратын студенттер арнайы рұқсатнамамен электронды турникеттер арқылы кіреді. Студенттер үйлері аумағында сағат түнгі 23.00-ден таңғы 07.00-ге дейін қауіпсіздік қызметінің мамандары кезекшілік етеді.

СҮ  Студенттер үйінің мекен-жайы Салынған жылы  Жалпы ауданы
1 №2 Абылай хан даңғылы, 2 1986 5002,5 м2
2 №3 М. Жұмабаев даңғылы, 12/1 1976 4083,4 м2
3 №4 М. Жұмабаев даңғылы, 14 2002 11972 м2
4 №5 М. Жұмабаев даңғылы, 14/1 2005 11910 м2
5 №6 Янушкевич көшесі, 4/1 2010 4343,5 м2
6 №7 А. Пушкин көшесі, 11/2 2017 7961,3 м2
7 ММУ (МГУ) А. Байтурсынова 33/1 2015 8939,5 м2