Студенттер үйі тексерілді

18.09.2019 жылы қалалық мәслихат депутаттарымен, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының басшылығымен, қала әкімшілігі өкілдерімен, «ЖасОтан» жастар қанатының белсенділерімен және қоғам қайраткерлерімен бірлесіп университеттің студент жатақханалары тексерілді.

Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру шеңберінде Үкімет 2022 жылдың соңына дейін студенттерді жаңа жатақханалармен қамтамасыз ету кем дегенде 25 мың орынға жетуі тиіс, жастардың әлеуметтік жағдайын жасау білім берудің сапасын артыруға мүмкіндік жасайды. Аталмыш стратегия аясында ректор Ерлан Сыдықовтың студент жатақханаларын тексеру бастамасы студент үйлерінің мәселелерін шешуге әрі жоғары оқу орны жұмысының ашықтығын көрсетуге бағытталған.

Студенттерді жатақханаға орналастыру, ондағы тұрғындардың тұрмыстық жағдайы, білім алушылар үшін әлеуметтік-мәдени нысандардың саны, оқу орны басшылығының үнемі бақылауында әрі назарында. Бұл мәселелер мемлекетті қатыстыру арқылы әрі жеке инвестиция тарту арқылы шешіледі.

Бүгінгі таңда ЕҰУ-де 4505 білім алушылар тұратын 8 студенттер үйі бар. Университетте оқитындардың саны жылдан жылға өсе түсуде, дәл бүгінгі таңда жатақханаға 3 мыңға жуық адам мұқтаж. Қазіргі уақытта физкультура-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Университеттің 2,2 мыңдық орындық студенттер қалашығын салу үшін әлеуетті инвесторлар табылып, аталған жоба жүзеге асырылмақ. Ректор Ерлан Сыдықов студент жатақханаларының құрылысы жөніндегі мәселелрді шешу үшін жүйелі шаралардың қабылданғанын атап өтті. Мәселен жатақхана құрылысын жылына 5% кредит алса инвесторларды тартудың мүмкіндігі кеңейеді. Сондай-ақ жер кодексі нормаларының қайшылығы жатақхана құрылысын салуды баяулататындығы аталды.

Жатақханаларды тексеру кезінде делегация тынығып демалу бөлмесін, асхананы, «Самұрық» би мектебін, кітапхананы, студенттердің жатын бөлмелерін аралап көрді. Студенттер мен әңгіме барысында жатақханада тұру және оқу мәселесіне көңіл аударылды.

 

 

 

WELKOM- орталығында ЕҰУ-де оқитын шетелдік студенттер беделді астаналық университетте оқуларына және жабдықталған жайлы жатақханада тұру мүмкіндігіне ие болғандарына ризашылықтарын білдірді.

Студенттер үйлері дирекциясының басшысы қонақтарға студенттерді жатақханаға орналастыру рәсімімен, тұрушарттарымен, қосымша тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени мүмкіндіктерімен таныстырды. Жатақханадағы бөлмелерді бөлу кезінде университет әкімшілігі бірінші кезекте бірінші курс студенттерін, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғанбалалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанжастар, І және ІІ топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, «Алтынбелгі» иегерлерімен халықаралық, республикалық және президенттік олимпиадалар, ғылыми және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын қамтамасыз етеді.

Делегация мүшелері студенттердің жағдайы мен тұрмыс деңгейіне қанағаттанып, ЕҰУ басшылығының Президент тапсырмасын орындаудағы талпынысын жоғары бағалады.

Ақпараттық-аналитикалық орталығының директоры Турабекова Б.Б.