«Қол жұмылмай-жылынбас»

2021жылдың 30 қаңтарында №4 Студенттер үйінде қол күрестен Халықаралық спорт шебері, Қазақстанның 5 дүркін рекордшысы Темір Спатаевпен студенттер арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттер спортшының жеке өмірімен танысып, өнерін тамашалады. Жас буын ағаларының кереметтей өнеріне тәнті болып, өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Темір Спатаев өзінің өмірлік тәжірбиесімен бөлісіп, жастарды спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.