Бақтияр Артаевпен кездесу өтті

2021 жылдың 26 қаңтар күні сағат 16:00 де №5 студенттер үйінде кинозалда боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері,халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері Бақтияр Артаевпен кездесу өтті.

Шара барысында Бақтияр Артаев бокстағы жетістіктері туралы және де өмірдегі түрлі оқиғалармен бөлісті. Атақты Әлемге танымал боксшы Геннадий Головкинмен таныстығы жайлы баяндап берді. Бұл кездесуде Бақтияр Артаев әр студентке қажет мотивация мен және де кеңестерімен бөлісті.

Бақтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында дүниеге келген. 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы Әлем чемпионы.