«Әдеп» жоба жетекшілерімен кездесу

2021 жылдың 28 қаңтар күні №5 Студенттер үйінің кинозалында «Әдеп» жоба жетекшілерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында, заң ғылымдарының кандидаты, «Әдеп және сыбайлас жемқорлық» тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Еркебұлан Нұғманов студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Студенттерге, әлеуметтік желідегі заңсыз түрлі сайттар және де әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сенуге болмайтындығы, қоғамдық жерлерде өздерін дұрыс ұстау керекті жайында ақпараттар айтылды.